Egemen.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..
АҚШ президенті Дональд Трамп соңғы уақытта айналасындағы кеңесшілері мен сенімді адамдарынан бір сұрақты жиі сұрай бастады. 2028 жылы Республикалық партияға кім жетекшілік етуі керек: вице-президент Джей Ди Вэнс пе, әлде мемлекеттік хатшы Марко Рубио ма? Әзіл-шыны аралас айтылғанымен, бұл сауалдың астарында Трамптың болашаққа қатысты нақты жоспары жатқандай, деп жазады Egemen.kz.
Алдағы соңғы аралық сайлаулар таяған сайын Трамп өз жолын жалғай алатын тұлғаларды таразылап жүр. Оның пайымынша, бұл рөлге Вэнс те, Рубио да лайық. Вэнске деген ілтипаты түсінікті. Дәл осы сенім оны вице-президенттікке алып келді.
Сонымен қатар Трамп соңғы кездері Рубионы да жиі мақтай бастады. Мемлекеттік хатшы әрі ұлттық қауіпсіздік жөніндегі кеңесші ретіндегі салмағы артып, халықаралық саясатта көзге түсе бастағаны президент назарынан тыс қалған жоқ. Алайда Axios сөйлескен дереккөздер мұны Трамптың Вэнстен теріс айналуы деп қабылдамау керектігін айтады.
Қазақстанда вице-президентті кім тағайындайды?
Президенттің кеңесшісі: «Вэнс пен Рубио – Трамп ойындағы ең үйлесімді жұп. Әрине, көш басында Вэнс тұр», дейді. Дегенмен, оның айтуынша, «Рубио – Вэнс» нұсқасы да президентке жат емес.
Вэнстің артықшылығы – дайын командасы. Егер ол күткендей президенттікке түссе, науқанды жүргізетін саяси тірегі бар. Ал Рубио мұндай құрылым жасамаған әрі Вэнстің алға шығуына қарсы емес. Ол мұны бұрын да ашық айтқан. Былтыр Vanity Fair журналына берген сұхбатында Рубио:
«Егер Джей Ди Вэнс сайлауға түссе, ол біздің үміткеріміз болады. Мен оны алғашқылардың бірі болып қолдаймын», деген. Бұл ұстаным қазір де өзгермеген, Рубио оны Вэнске жеке де жеткізген.
Екі саясаткердің арасы жақын. Екеуі Сенатта бірге қызмет етті, аппарат басшылары да өзара сыйлас. Трамптың өзі былтыр Вэнсті «ең ықтимал мұрагер» деп атаған. «Әділін айтқанда, ол – вице-президент», деген еді сол кезде. Бірақ сонымен қатар Рубионың да Вэнспен бір тізімде болғанын құп көретінін жасырмаған.
Кеңесшілердің айтуынша, Трамп мұрагерін ерте атаудан әдейі бойын аулақ салады. Ол командасының бүгінгі жұмысына алаңдағанын қалайды әрі әлсіреп бара жатқандай әсер қалдырғысы келмейді.
Бұл тұста Рубионың ақпарат кеңістігіндегі белсенділігі де әсер етпей қоймайды. Мемлекеттік хатшы ретінде ол әлемдік саясаттың алдыңғы шебінде жүр, ұлттық қауіпсіздік жөніндегі кеңесші ретінде Ақ үйдің ішкі шешімдеріне тікелей қатысады. Ал вице-президенттің нақты жауапкершілік аясы айқын емес. Жаңалықты қалт жібермейтін Трамп үшін Рубионың жиі көзге түсуі заңды.
Мұны президенттің өзі де жақсы түсінеді. Кей кеңесшілердің пайымынша, Трамптың Рубионы жиі көтермелеуі оны Вэнспен бірге сайлауға түсуге ынталандырудың бір амалы.
Алғашқы сауалнамалар да Вэнстің басымдығын аңғартады. Нью-Гэмпшир университетінің дерегіне сүйенсек, 2028 жылғы республикалық праймеризде Вэнсті қолдайтындар 53 пайызға жетсе, Рубио небәрі 7 пайыз жинаған. Ұлттық деңгейдегі өзге сауалнамаларда да көрініс осыған ұқсас.
Алдағы кезеңде Вэнс жұрт алдына жиі шығуы мүмкін. Ол Республикалық ұлттық комитеттің қаржы мәселесіне жауап береді әрі қарашадағы сайлау қарсаңында елді аралап, партияның Өкілдер палатасындағы орнын сақтауға күш салмақ.
Тараптардың өздері арасында алауыздық бар деген пікірді жоққа шығарады. Вэнс Fox News арнасына берген сұхбатында:
«Марко – әкімшіліктегі ең жақын достарымның бірі. БАҚ қолдан жанжал жасайды, бірақ бізде ондай қайшылық жоқ», деді.
Соңғы жаңалықтар
Әуе отынының импорты салықтан босатыла ма?
Қоғам • Бүгін, 09:48
Рамазан айында пойыздарда алкоголь өнімдері сатылмайды
Қоғам • Бүгін, 09:34
Үкімет Каспийді зерттеуге 1,1 млрд теңге бөлді
Экология • Бүгін, 09:20
Валюта бағамы: Бүгін доллар қанша теңгеден саудаланып жатыр?
Қаржы • Бүгін, 09:10
Құрылыс саласын цифрландыру: Өзекті істің аяқ алысы қалай?
Құрылыс • Бүгін, 09:00
«Біз үшін су дипломатиясы маңызды»
Сұхбат • Бүгін, 08:55
Аймақтар • Бүгін, 08:50
Шаруашылық • Бүгін, 08:45
Саясат • Бүгін, 08:43
Ұлттық қордың балаларға шарапаты
Қоғам • Бүгін, 08:40
Саясат • Бүгін, 08:38
Еңбек • Бүгін, 08:35
Қоғамдық диалогтің дәйектілігі артады
Саясат • Бүгін, 08:33
Құқық • Бүгін, 08:30
Пікір • Бүгін, 08:28