Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратады..
Нәтижесінде, ЖІӨ-дегі ұлттық қарыздың үлесі 100%-дан асты, яғни ұлттық қарыз қазір АҚШ экономикасының көлемінен үлкен.
Федералды үкімет 1946 жылы, Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін АҚШ армиясын демобилизациялаған кезде белгіленген 106%-дық рекордтық қарыздың ЖІӨ-ге қатынасынан асып түсті.
Конгрестің Бюджет басқармасының алдағы жылдары ұлттық қарыз АҚШ-тың ЖІӨ-ден жылдам өседі деген болжамы дәл келді, бұл елдің қаржылық және экономикалық жағдайының салдарын күрделендіруі мүмкін.
Есепте мұндай динамика экономикалық өсімді баяулатып, жеке инвестицияларды азайтуы, сондай-ақ қарызды өтеу үшін пайыздық шығындарды арттыруы мүмкін екендігі айтылған.
Бұған дейін Түркияның мемлекеттік қарызы 14 трлн лирадан асқанын хабарлаған едік.