24.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com мәлімдеме жасады..
АҚШ үкіметінің жұмысы жартылай тоқтап қалды. Бұған Конгрестің мемлекеттік мекемелерді қаржыландыру туралы шешімді дер кезінде қабылдай алмауы себеп.
Ел сенаты бюджетті жұма кешкісін бекіткенмен, Өкілдер палатасы дүйсенбіге дейін демалысқа кетіп қалған. Соған байланысты кейбір федералды мекемелер сенбіден бастап қаржысыз қалды. Негізгі келіспеушілік заңсыз мигранттармен күресіп жатқан Ішкі қауіпсіздік департаментінің қаржысына қатысты болып отыр. Бұл – толық емес, жартылай шатдаун. АҚШ тарихында 1977 жылдан бері мұндай қысқа мерзімді үзілістер 10 рет болған. Олар ел экономикасына айтарлықтай әсер етпеді. Алайда үш ай бұрын болған толық шатдаун кезінде америка экономикасына 11 млрд доллар шығын келді. Сондықтан Трамп әкімшілігі енді кез келген үкіметтік кідірісті болдырмауға мүдделі.