АҚШ Украинадағы қақтығысты тоқтату үшін басқа елдердің көмегін күтеді Уолтц

04.11.2025

Qazaq24.com, Sputnik.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат жариялайды..

АСТАНА, 4 қараша – Sputnik. АҚШ Украинадағы қақтығысты тоқтату үшін жаһандық қауымдастықтың көмегін күтеді, деп мәлімдеді АҚШ-тың БҰҰ-дағы тұрақты өкілі Майк Уолтц Breitbart порталына берген сұхбатында.

"Президент (АҚШ президенті Дональд — ред.) Трамп қана оларды (Ресей мен Украинаны — ред.) үнсіз отыруды доғарып, ең болмағанда тілдесе бастауға мәжбүрлей алады... Біз бұған әлі толық қол жеткізбедік, қалған әлем бізге көмектесуге тиіс", — деді Уолтц АҚШ әкімшілігінің Украинадағы қақтығысты тоқтату бойынша ұмтылысына түсініктеме бере отырып.

Ресей мен Украина Ыстанбұлда үш рет тікелей келіссөз өткізді. Нәтижесінде тараптар тұтқын алмасты. Сонымен қатар Ресей қаза тапқан украин әскери қызметшілерінің мәйітін Киевке тапсырды. Тараптар сондай-ақ қақтығысты шешу бойынша меморандум жобаларын алмасты.

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
Читать полностью