АҚШ ұстанымын өзгертсе, Иран келіссөздерді қайта бастауға дайын Пезешкиан

01.05.2026

Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратады..

Иран үкіметінің ақпараттық порталында жарияланған жазбаша мәлімдемеге сәйкес, Пезешкиан Жапония премьер-министрі Санаэ Такаитимен телефон арқылы сөйлесті.

АҚШ шенеуніктерінің мәлімдемелерін «арандатушылық» деп атаған Иран президенті ел порттарын бұғаттау әрекеті қабылданбайтынын және халықаралық құқық нормаларына қайшы келетінін айтты. Оның сөзінше, мұндай қадамдар аймақтағы жағдайды одан әрі ушықтыра түседі.

Пезешкиан Иранның заңды құқықтарын қорғауға дайын екенін атап өтіп, өңірде бейбітшілік пен тұрақтылықты қамтамасыз ететін әділ шешімге қол жеткізу үшін дипломатиялық үдерісті жалғастыруға ниетті екенін жеткізді. Алайда бұл үдеріс АҚШ тарапынан шектен шыққан тәсілдер мен арандатушылық әрекеттердің қашан тоқтатылатынына байланысты екенін айтты.

Иран президенті Парсы шығанағы мен Ормуз бұғазы аймағындағы тұрақсыздықты АҚШ пен Израильдің Иранға жасаған шабуылдарымен байланыстырды. Ол халықаралық теңіз қатынасына қауіп төндіретін әрекеттерге барлық елдер батыл түрде қарсы тұруы тиіс екенін атап өтті.

Өз кезегінде Жапония премьер-министрі Такаити Таяу Шығыстағы шиеленісті бейбіт жолмен реттеу қажет екенін айтып, диалог пен консультациялар жағдайды тұрақтандыруға ықпал ететініне сенім білдірді.

Сондай-ақ ол Жапония кемелерінің Ормуз бұғазы арқылы өтуіне рұқсат бергені үшін Иранға алғыс айтып, бұғазда күтіп тұрған басқа да кемелердің қауіпсіз өтуін қамтамасыз етуді сұрады.

Такаити Иран мен АҚШ арасындағы келіссөздер жақын арада қайта жанданып, түпкілікті келісімге әкеледі деген үміт білдірді.

Еске сала кетсек, Иранның жоғарғы көшбасшысы өздерінің ядролық және зымыран бағдарламаларынан бас тартпайтынын мәлімдеді.

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
Читать полностью