24.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..
Венесуэла мұнайы әлемдік нарыққа шықты. Оны АҚШ саудалайды. Бұл үшін Вашингтон Каракасты ішнара санкциялардан босатты.
Құрама Штаттар Энергетика министрлігінің мәліметі бойынша, саудадан түскен қаржы Америка есеп-шотында сақталады. Жоспарға сай, қара алтынның 40 млн баррелі сатылмақ. Халықаралық трейдерлер мен ірі банктер көмекке тартылды. Венесуэла мұнайы АҚШ-тың рұқсаты алған компаниялар арқылы тасымалданады. Президент Дональд Трамптың айтуына қарағанда, қара алтыннан түскен қаржыны Каракас АҚШ өнімдерін сатып алуға жұмсайды.