АҚШ Венесуэлаға 100 млрд доллар инвестиция құяды

10.01.2026

24.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

АҚШ-тың ірі мұнай компаниялары Венесуэлаға 100 миллиард доллар көлемінде инвестиция құймақ.

Бұл туралы Дональд Трамп Вашингтондағы энергетикалық компаниялардың жетекшілерімен кездесуден кейін мәлімдеді. Алайда бірлестіктерге Каракаспен тікелей келіссөз жүргізуге болмайды, барлық операция Ақ үй бақылауымен жүзеге асырылмақ. Қаржы құюға ниетті компаниялардың ішінде Шеврон, Эксон, Шелл, Коноко Филлипс сынды мұнай алыптары бар. Олар Венесуэла нарығына қызығушылық танытқанымен, тәуекелдің әлі де жоғары екенін айтады. Енді АҚШ елдің осы секторын бақылауға алып, 50 миллион баррельге дейін мұнай алуды жоспарлап отыр. Сатудан түскен кіріс Венесуэланың экономикасын қалпына келтіруге, сондай-ақ АҚШ азаматтарының қажеттіліктеріне жұмсалмақ.

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
Читать полностью