Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып мәлімет бөліседі..
Трамп өз хабарламасында Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев пен Армения премьер-министрі Никол Пашинянға өткен тамызда қол қойылған Бейбітшілік келісімін орындағаны үшін алғысын жеткізген. Ол бұл келісімді сұрапыл соғысты тоқтатқан маңызды қадам деп атап өтті.
– Біз Әзербайжанмен стратегиялық серіктестікті нығайтатын боламыз, Армениямен бейбіт ядролық ынтымақтастық туралы келісім жасасамыз. Америкалық жартылай өткізгіш өндірушілердің мүддесі үшін келіссөздер жүргіземіз. Сондай-ақ Әзірбайжанға америкалық қорғаныс өнімдерін, оның ішінде броньды техника, қайықтар және басқа да жабдықтар жеткізу мәселелері де қарастырылып жатыр, - делінген хабарламада.
Еске сала кетейік, бұған дейін Ресей президенті Владимир Путинмен келіссөздер өткізу үшін АҚШ президентінің арнайы өкілі Стив Уиткофф Мәскеуге келгенін хабарлағанбыз.