АҚШ вице президенті Израильге барды

22.10.2025

Qazaq24.com, 24.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратты..

 Сапардың мақсаты – Газа секторындағы атысты тоқтату режимін бұзуға жол бермеу.

Джей Ди Вэнс Израиль Президенті Ицхак Герцог және Премьер-министр Биньямин Нетаньяхумен кездесуді жоспарлап отыр. Сондай-ақ бір күн бұрын елге АҚШ Президентінің Таяу Шығыс бойынша арнайы өкілі Стив Уиткофф те барған. Еске салайық, Израиль 10 қазан күні Газадағы атысты тоқтату бойынша келісімге келгенімен, анклавқа бірнеше әуе соққыларын жасаған болатын.

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
Читать полностью