АҚШ визалық режимді жиі бұзған елдердің азаматтарына тұрақты кепілақы енгізеді

02.08.2026

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат бөліседі..

Фото: Depositphotos.com

АҚШ-тың Мемлекеттік департаментінің мәлімдеуінше, бұл талап іскерлік және туристік B-1/B-2 визаларын рәсімдейтін, визалық режимді жиі бұзған елдердің азаматтарына қатысты қолданылады.  

«Консулдық қызметкерлері өз қалауы бойынша виза беру шарты ретінде өтініш берушіден 20 мың доллар дейін кепілақы төлеуді талап ете алады», делінген Мемлекеттік департаменттің жаңартылған хабарламасында.

АҚШ билігі бұл шара арқылы визаларды заңсыз пайдалану және елде рұқсат етілген мерзімнен артық қалып қою жағдайларын азайтуды көздеп отыр.

Бұған дейін бұл 50 елдің тізіміне Қазақстан кірмейтіні туралы хабарлаған едік.

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
Читать полностью