24.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..
АҚШ президентінің әкімшілігі жұмыс визаларының санын 2 есе арттырады.
Биыл үкімет H-2B бағдарламасы бойынша қосымша 65 мың квота бөлуді жоспарлап отыр. АҚШ-тың Федералдық тізілімінде жарияланған ақпаратқа сәйкес жаңа визаларға жұмыс күші жетіспейтін және қаржылық шығынға батқалы тұрған компаниялар қол жеткізе алады деп көрсетілген. Визалар құрылыс, қонақ үй бизнесі, абаттандыру және теңіз өнімдерін қайта өңдеу салаларына қажетті мамандарға беріледі. Бұл жаңалықты америка қоғамы әртүрлі қабылдап жатыр. Жұмыс берушілер бастаманы қолдап жатса, көші-қонды тежеу керек деген ұйымдар сынға алды. Олар шетелдік жұмыс күші америкалықтардың еңбекақысына кері әсер етеді,-дейді.