Ақша айырбастау пунктерінде доллар бағамы 460 теңгеден төмен түсті

07.04.2026

Tengrinews.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

Қазақстанның ақша айырбастау пунктерінде доллар бағамы төмендеп жатыр, деп хабарлайды тілші Tengrinews.kz.

Қазақстанның ақша айырбастау пунктерінде доллар бағамы төмендеп жатыр, деп хабарлайды тілші Tengrinews.kz.

7 сәуірдегі доллардың теңгеге шаққандағы бағамы

Сағат 11:00-дегі жағдай бойынша Астананың ақша айырбастау пунктерінде доллар орта есеппен 464 теңгеден сатылып, 457 теңгеден сатып алынып жатыр. Алматыда америкалық валютаның сату бағасы 460 теңгені құраса, сатып алу орта есеппен 457 теңгеге тең.

Айта кетейік, 6 сәуірде Қазақстан қор биржасындағы (KASE) күндізгі сауда қорытындысы бойынша доллардың орташа өлшемді бағамы 466,33 теңге құрап, 4,07 теңгеге төмендеді.

Сол күні Астананың айырбастау пунктерінде доллар орта есеппен 470 теңге сатылып, 463 теңге сатып алынды. Алматыдағы айырбастау пунктерінде доллардың орташа сату бағамы 465,22 теңге, ал сатып алу бағамы 462,76 теңге.

7 сәуірге арналған доллардың ресми бағамы

Ұлттық банктің 7 сәуірдегі ресми бағамы 466,33 теңге құрайды.

Теңге бағамына не әсер етеді?

Бұған дейін журналистер Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменовтен доллар бағамы неге төмендеп жатқанын және мұның қазақстандықтарға қалай әсер ететінін сұраған еді. Ол ұлттық валютаның нығайып жатқанын түсіндірді: еліміздің негізгі экспорттық тауары - мұнайдың (экспорттық түсімнің 50 пайыздан астамы) бағасы өсіп жатыр, бұл нарықтағы валюта ұсынысын арттырады. Соның салдарынан доллар бағамы құлдырады.

Сүлейменов Ұлттық банктің инвестициялық кеңес бермейтінін, ал қазақстандық теңгенің өз тұрақтылығын дәлелдегенін атап өтті. Былтырғы қорытынды бойынша теңге жоғары табыстылық көрсетіп, тәуекел мен табыс арақатынасы тұрғысынан әлемдегі ең тартымды валюталардың бірі ретінде танылып, инвестиция тартып жатыр.

Бұған дейін Ұлттық банк теңге бағамының қазіргі динамикасы 2026 жылдың басынан бері жалғасып келе жатқан ұлттық валютаның нығаюын көрсететінін түсіндірді. Ақпанда бұл үрдіс айтарлықтай қарқын алды. Ұлттық банк мәліметінше, валютаның нығаюы объективті нарықтық факторларға негізделген, ол жекелеген сыртқы оқиғаларға берілген қысқа мерзімді реакция емес.

Ұлттық банк өкілдері икемді айырбас бағамы режимін ұстану жалғасатынын, бұл теңгерімсіздіктің алдын алып, алтын-валюта қорын сақтауға көмектесетінін айтты.

Еске салсақ, 6 наурызда Ұлттық банк базалық мөлшерлеме бойынша шешім қабылдаған болатын. Ол +/- 1 пайыздық тармақ дәлізімен жылдық 18 пайыз деңгейінде өзгеріссіз қалды.

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
Читать полностью