Ақша кредит шарттары инфляцияны тұрақтандыруға жеткіліксіз болса қосымша шаралар қаралады Сүлейменов

10.10.2025

Inform.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабарлайды..

— Инфляцияның соңғы айлардағы көрсеткіші инфляциялық қысымның күшейгенін аңғартады. Инфляция болжамнан жоғары қалыптасып, мақсатты таргетке жету жолындағы тұрақты төмендеу траекториясынан ауытқып кетті. Теңге бағамының әлсіреуімен бірге инфляцияның жеделдеуі ақша-кредит шарттарын айтарлықтай жұмсартты. Осы жағдайлар ақша-кредит шарттарының қажет болған қалыпты қатаңдығын қайта орнына келтіру және ең бастысы, инфляцияның өсуіне жол бермеу үшін базалық мөлшерлемені көтеруді талап етті, — деді ол.

Тимур Сүлейменовтің айтуынша, Ұлттық банк проинфляциялық және дезинфляциялық факторлар балансын, инфляция динамикасы мен оның баяулау траекториясын жан-жақты бағалап отырады. Қазіргі қатаң ақша-кредит шарттары инфляцияны тұрақтандыруға жеткіліксіз болса, қосымша қатаңдату қажеттілігі мен оның орындылығы қарастырылады.

— Бағаға қысым сақталып отыр. Оған фискалдық ынталандыру, тұтынушылық кредиттеуден туындайтын тұрақты ішкі сұраныс, жоғары инфляциялық күтулер, тарифтердің өсуі мен реформалардың жалғасуы әсер етті. Сыртқы секторда белгісіздік орын алып отыр. Азық-түліктің әлемдегі бағасы да жоғары, — деді ҰБ төрағасы.

Бұған дейін Ұлттық банкінің Ақша-кредит саясаты комитеті базалық мөлшерлемені +/- 1 п. т. дәлізімен жылдық 18 пайыз деңгейінде белгілеу туралы шешім қабылдаған еді.

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
Читать полностью