Aqsham Talks: кітаптың шығармашылық ойлауға әсері қандай?

24.06.2026

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат жариялайды..

Жиын барысында кітап оқу мәдениетінің қоғам дамуындағы рөлі, жасанды интеллект дәуірінде білімді меңгерудің жаңа тәсілдері, оқылған кітаптан практикалық пайда алу жолдары, жастардың оқу дағдыларын қалыптастыру және кітаптың шығармашылық ойлауды дамытудағы маңызы талқыланды.

Іс-шараға халықаралық құқық маманы Алмат Игенбаев, жасанды интеллект зерттеушісі Тимур Бектұр, филолог-зерттеуші Арын Құнанбайлы, педагог-тренер Ескенбір Бестай және сценарист, креативті продюсер Рамазан Фаилов қатысып, өз ойларын ортаға салды.

Елімізде электронды кітапхананы пайдаланғандар саны 3,6 миллионнан асты

Спикерлер қазіргі ақпараттық қоғам жағдайында кітаптың адам дамуы мен сыни ойлауды қалыптастырудағы орны ерекше екенін атап өтті. Сондай-ақ жастардың оқу белсенділігін арттыру және білімді тиімді қолдану мәселелері жөнінде пікір алмасты.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, жоба кітап оқу мәдениетін жаңа форматта дәріптеуді, оқырмандар арасында ашық диалог алаңын қалыптастыруды насихаттайды. Интеллектуалдық ортаны дамытуды көздейтін бастама алдағы уақытта да тұрақты форматта өткізіліп, қоғамдағы өзекті тақырыптарды талқылайтын алаң ретінде жұмысын жалғастырмақ.

Елімізде кітап оқуды насихаттау бағытындағы жұмыстар жүйелі жалғасын тауып келеді. Еске сала кетсек, жақында Мемлекет басшысы Ұлттық цифрлық кітапхана платформасын құруды тапсырған болатын. 

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
Читать полностью