Sputnik.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..
АЛМАТЫ, 2 маусым – Sputnik. Қызылорда қаласының 32 жастағы тұрғыны интернет желі арқылы 154 адамды алдап соққан, деп хабарлайды Бас прокуратура.
Ол адамдармен алдын ала сөз байласып, 2024 жылы әлеуметтік желіде "Dake.87089241173" деп аталатын жалған парақша ашқан.
"Бөтен адамдардың жеке деректерін пайдаланып, азаматтарды "салған ақшаларын еселеп қайтарамын" деп алдап, "1XBETKZ" букмекерлік кеңсесі мен "Wooppay Wallet" төлем жүйесі арқылы жәбірленушілердің қаражатын иемденген", - дейді прокуратура.
Салдарынан республика бойынша 154 адам алданып, 12 млн теңгеге шығынданған.
Биыл 6 наурызда оған 3 жыл 1 айға бас бостандығынан шектеу жазасы кесілді. Ол кінәсін мойындап, залалды толық өтеген.