Ақшасын берді деп үндемей кете береміз бе? : Роза Әлқожа тойда уағыз айтқан адамды қатаң жаза қолдануды сұрады

05.08.2026

Aikyn.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабарлайды..

Әнші Роза Әлқожа әлеуметтік желідегі парақшасында тойға уағыз айтқан адамға қатысты пікір білдірді, – деп жазды Aikyn.kz.

Ол әншілерге, музыкаға тіл тигізіп, әйелдерді төмендеткен той қонағына қатаң жаза қолдануды сұрады.

"Дүмше молда дін бұзар!” Кеш жарық! Біздің Жетісай бұрыннан имандылық пен дәстүрдің мекені. Үлкен жиын болмаса жай отырыста онсыз да ер мен әйел бөлініп отырады. Қанша тапса да қанағат тұтатын, қонағын құдайындай сыйлайтын қонақжай ел. Қожасын пайғамбардың әулеті деп қадірлеген ел. Той иесі алтын құрсақты ана болсын деп ырым етіп, келін сәлем жасатқан. Біз де арнайы бардық сол үшін. Бірақ, құдалар тойға келмепті. Келін былайша сәлем салмайды екен. Ал мынау нағашылар жағынан шыққан ақсақал-сымақтың сөзі. Ханафи мәзхабымен жүрген аңқау елге арамза молда қайдан шыққан? Мені қойшы, тұтас музыканы харам деп тұрғаны қалай кетті? Ақшасын берді деп айыптағанға үндемей кете береміз бе? Кезінде пайғамбарымыз с.ғ.с Айша анамызға ән салдырған деген сөзді мына кісі естімеген бе? Сонда кейбіреулер дін деп осынша төмендеп, басқа ағымға еріп кеткен бе? Төркінге барып тұрған қызға менің ағаларым бұлай сөйлемеуші еді, қайдан келген қырт? Кім біледі? Жетісай әкімшілігі ішкі саяси, діни ахуалды бақылайтын ешкім жоқ па? Маған жасаған буллинг үшін жауап бола ма? Жеке басқа тиісу, қорлау бойынша қандай бап бар? Заңгерлер болса жаза отырыңыздар! Ал мұсылманда ше? Мұсылманның көңілін қалдыру қағбаны қиратқанмен тең деуші еді?!. Төркінге барып тұрған қызбын. Алыстан келіп тұрған жолаушымын. Ілім қонған елдің ұрпағымын. Мен кешкенмен аруақ кеше ме? Той иесінің арнайы шақырған сыйлы қонағымын. Пәтуасын сіздер айтыңыздар!" - деп жазды ол. 

Желі қолданушылары әншіні қолдап, түрлі пікір жазып жатыр. 

"Неге жүр тойда бұл кісі?", "Тойда музыка болмаса, аза тұтуға барамыз ба", "Шындық қашанда ащы болады", "Осындайлар жастардың миын улап бітті", - деп жазды оқырмандар. 

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM   арнасынан табасыз.

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
Читать полностью