​Ақшолақов тұрғындардың шағымынан соң 15 тамызға дейін ​Жастар көшесін ашуды тапсырды

31.07.2026

Azh.KZ парақшасындағы деректерге сәйкес, Qazaq24.com ақпарат таратты..

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов облыс орталығындағы жол инфрақұрылымын дамытуға қатысты бірнеше жобаның орындалу барысын тексерді.

Алдымен 1965 жылы салынған орталық көпірдің жағдайын қарап, оны жаңғыртуға арналған жобалық ұсыныстарды талқылады. Қазіргі көпірдегі жылу құбырының өткізу қабілеті төмен болғандықтан жаңа тұрғын үйлерді толық қамтуға мүмкіндік жоқ. Осыған байланысты инженерлік коммуникациялар үшін бөлек көпір және жол бөлігін алты жолаққа дейін кеңейту жобасы ұсынылды.

Әкім шешім қабылдауда қаланың бас жоспары ескерілуі тиіс екенін атап өтті.

Келесі нысан – «Самал» шағынауданы. Мұнда ұзындығы 10 шақырымды құрайтын 29 көшеге асфальт төсеу жұмыстары жүріп жатыр. Әкім мердігерге әр көшені толық аяқтап барып келесісіне кірісуді және күн суығанша жұмысты тоқтатпау керектігін тапсырды.

Бұдан кейін «Сарықамыс» шағынауданындағы 2,8 шақырымдық жолды қайта жаңарту барысы тексерілді.

Қазіргі таңда 1,84 шақырымы аяқталған, қалған бөлігіне жеке үйлер мен инженерлік желілер кедергі келтіруде. Әкім жолды «Ерік-Мостовой» арнасы бойымен жалғастыру мүмкіндігін қарастыруды тапсырды.

Сонымен қатар Жастар көшесін қайта жаңарту жұмыстары да назарға алынды. Жолдың ұзындығы – 11,7 шақырым, оның 3,7 шақырымына асфальт төселген.

Жыл соңына дейін қалған 8,7 шақырымды аяқтау жоспарланған. Әкім мердігерге 15 тамызға дейін жол қозғалысын ашуды міндеттеді.

Бұл жобалардың жүзеге асырылуы өңір басшысының жеке бақылауында болады.

Бүгін, 14:31

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
Читать полностью