Ақсу қаласындағы 6 шағын аудан тұрақты жылу жүйесіне қосылды

02.07.2026

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат жариялайды..

Фото: МЭКС

Жылу магистралі 91 көппәтерлі үйді және 16 әлеуметтік маңызды нысанды жылумен қамтамасыз етеді. Олардың ішінде 4 мектеп, 6 балабақша және 4 медициналық ұйым бар.

Бұл жылу магистралі 1970 жылы салынған. Бұл учаскедегі соңғы күрделі жөндеу жұмыстары 20 жыл бұрын жүргізілген. Көп жылдар бойы жер асты суларының әсерінен құбырлардың темірі шіріп, тоза бастаған. Жөндеу жұмыстары басталғанға дейін бұл нысан 80% тозып, істен шығуға шақ қалған еді.

Үкімет Степногорск пен Көкшетаудағы жылу желілерін жөндеуге 3,9 млрд теңге бөлді

Оның жағдайы жылыту маусымының тұрақтылығына тікелей әсер етті. Тек соңғы үш жылда ғана учаскеде 16 зақымдану тіркелген, оның ішінде 9-ы қысқы кезеңде болған.

«Энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында диаметрі 600 мм 0,365 км жылу магистралі толығымен ауыстырылды, сондай-ақ 5 жылу камерасы жаңартылды.

Үкімет Абай облысының жылу желілерін жөндеуге 2,5 млрд теңге бөлді

Құрылысқа толығымен 100% отандық тауарлар және ылғалға төзімді заманауи оқшаулағышы бар құбырлар пайдаланылды. Бұл құбырлардың қайтадан зақымдану қаупін азайтып, үйлерге жылудың сапалы әрі үзіліссіз берілуін қамтамасыз етеді.

Бүгінгі таңда негізгі құрылыс-монтаж жұмыстары толық аяқталды. Мамандар жылу желісі өткен жерлерді ретке келтіріп, айналаны абаттандырумен айналысып жатыр. Жобаны жүзеге асыруға 602 млн теңге бөлінді. 

Жылумен қамтамасыз ету нысандарын жөндеу: Олжас Бектенов әкімдерге тапсырма берді

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
Читать полностью