Ақсуда әйелді өлтірген күдікті ұсталды

23.04.2026

Inform.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабарлайды..

Әйел адамның мәйітінің табылғаны туралы ақпарат бүгін телеграм арнасында хабарланды.

Хабарлама авторының айтуынша, мүрде Ақсу ферроқорытпа зауытынан үш шақырым жерде, Ақсу қаласы бағытында табылған.

Павлодар облыстық полиция департаменті қылмыстық оқиғаға қатысты түсініктеме берді.

- Ақсу қаласында әйел адамды өлтіру дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Полиция күдіктіні ұстап, уақытша ұстау изоляторына қамады. Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайын анықтауға бағытталған қажетті тергеу шаралары жүргізіліп жатыр, - деп мәлімдеді департаменттен.

Еске сала кетейік, Ақсу ферроқорытпа зауытында жұмысшы қаза тапты.

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
Читать полностью