Qazaq24.com, Tengrinews.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып мәлімет бөліседі..
Ақсуда газ баллоны жарылып, салдарынан үш адам зардап шекті. Зардап шеккендердің бірі жансақтау бөлімінде жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Ақсуда газ баллоны жарылып, салдарынан үш адам зардап шекті. Зардап шеккендердің бірі жансақтау бөлімінде жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Мән-жайыТөтенше жағдай жекеменшік үйлердің бірінде болған.
"10 литрлік баллоннан газ-ауа қоспасы тұтанып, арты өртке ұласқан. Үйдің дәлізінде үй заттары мен жиһаз жанып, кейін от шатырдың ағаш конструкциясына көшкен", - деп хабарлады Павлодар облыстық ТЖД баспасөз қызметі.
Сондай-ақ өрттің тез арада сөндірілгені нақтыланды. Десе де, зардап шеккендер бар. Жарылыс кезінде үй ішінде адамдар болған.
Зардап шеккендердің жағдайыОқиға орнына үш жедел жәрдем бригадасы жіберілген. 56 және 54 жастағы екі әйел және 33 жастағы ер адам Ақсу қалалық ауруханасына жеткізілді.
"Беті мен денесін күйік шалған (денесінің 50–55 пайызы) 1970 жылғы пациент жансақтау бөліміне жатқызылды. Жағдайы ауыр, әйел есін біледі, жасанды тыныс алу аппаратына қосылған", - деп түсініктеме берді өңірлік денсаулық сақтау басқармасы өкілдері.
1972 жылғы әйелдің қол-аяғы мен құлақ қалқандарын термиялық күйік шалған. Ер адамның қолы тілінген. Медициналық көмек көрсетілгеннен кейін екі зардап шегуші де амбулаторлық емделуге жіберілді.
Следите за нашими новостями в Google News
Подписаться