Ақтау әуежайы жаңғыртудан кейін ірі ұшақтарды қабылдайды

19.06.2026

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып мәлімдеме жасады..

Фото: Көлік министрлігі

Көлік министрлігінің мәліметінше, бүгінде әуежайда 2024 жылы басталған кешенді жобаның жалғасы жүргізіліп жатыр. Бірінші кезең аясында аталған нысандар толық жөнделіп, өткен жылдың шілде айында аяқталған.

Қазіргі уақытта екінші кезең жүзеге асырылып жатыр. Ол әуежай перроны мен инфрақұрылымдық нысандарды жаңартуды қамтиды. Бүгінгі таңда перрондағы жөндеу жұмыстарының 90 пайызы аяқталған. Қалған бөлігінде жабын төсеу, периметрлік қоршау орнату, қосымша жарықтандыру жүйесін құрастыру жұмыстары жалғасады.

Жобаны 2026 жылдың үшінші тоқсанының соңына дейін аяқтау жоспарланған. Жаңғырту жобасы ұшу қауіпсіздігін арттыруға, әуе кемелеріне арналған тұрақ орындарын кеңейтуге және ауыр жүк ұшақтарын қабылдау мүмкіндігін қамтамасыз етуге бағытталған.

Қосшы, Қарағанды әлде Павлодар: Астананың екінші әуежайы қай бағытта салынуы мүмкін?

Жоба аяқталғаннан кейін Ақтау әуежайы «F» санатындағы ең ірі әуе кемелерін де қабылдай алады. Атап айтқанда, бұл санатқа Airbus A380, Boeing 747-8 және Ан-124 «Руслан» сияқты алып ұшақтар кіреді.

Еске сала кетейік, бұған дейін Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбай Кендірлідегі жаңа әуежай жыл соңына дейін ашылатындығын мәлімдеген болатын. Әкімнің айтуынша, қазіргі таңда құрылыс алаңында 215 жұмысшы және 122 бірлік арнайы техника тәулік бойы жұмыс істеп жатыр.

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
Читать полностью