​Ақтау Дубай бағыты бойынша 19 мамырға дейін рейс ұшпайды

01.04.2026

Qazaq24.com, Azh.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратты..

Отандық FlyArystan лоукостері танымал халықаралық бағыттардың бірі бойынша ұшу жиілігін шектеу немесе уақытша тоқтату мерзімін ұзартқаны туралы хабарлады. 

Ақтау – Дубай – Ақтау бағыты бойынша рейстерді орындаудың уақытша тоқтатылуы 2026 жылғы 19 мамырға дейін ұзартылды. Бұған дейін әуекомпания рейстердің 2026 жылғы 19 сәуірге дейін тоқтатылғаны туралы хабарлаған болатын.

Компания атап өткендей, бұл шешім аталған бағытта рейстердің орындалуына тікелей әсер ететін Таяу Шығыстағы тұрақсыз жағдайдың сақталуына байланысты қабылданды. 

Тоқтатылған рейстердің жолаушыларына билетті айыппұлсыз толық қайтару немесе сапар күндерін кейінгі мерзімге тегін өзгерту мүмкіндігі ұсынылады.

"Билетті FlyArystan ресми сайтында немесе мобильді қосымшасында рәсімдеген жолаушылар брондауға өзгерістерді онлайн дербес түрде енгізе алады. Туристік агенттіктер және басқа да сату арналары арқылы алынған билеттер бойынша жолаушыларға сатып алған орнына жүгіну қажет", - деп нақтылады лоукостердің баспасөз қызметі. 

Әуекомпания өңірдегі жағдайды мұқият қадағалауды жалғастыратынын және жолаушыларды өзгерістер туралы уақытылы хабардар ететінін атап өтті. 

Бүгін, 17:12

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
Читать полностью