Ақтау емханасындағы жанжал: пациент өз нұсқасын айтты

28.05.2026

Qazaq24.com, Tengrinews.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат жариялайды..

Ақтау қалалық №2 емханасындағы дәрігердің кабинетінде жанжал шығарған қала тұрғыны Нұрым Игіліков инфаркт пен жүрекке жасалған отадан кейін бір жыл бойы мүгедектікті ресімдей алмай жүргенін мәлімдеді, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Lada.kz басылымына сілтеме жасап.

Ақтау қалалық №2 емханасындағы дәрігердің кабинетінде жанжал шығарған қала тұрғыны Нұрым Игіліков инфаркт пен жүрекке жасалған отадан кейін бір жыл бойы мүгедектікті ресімдей алмай жүргенін мәлімдеді, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Lada.kz басылымына сілтеме жасап.

Ер адам өзін арандатудың құрбаны болдым деп санайды, енді оған қамауға алу немесе айыппұл салу қаупі төніп тұр. Ол даулы оқиғаға қатысты өз нұсқасын айтып берді.

Ер адамның айтуынша, ол 19-25 мамыр аралығында инфаркт пен жүрекке жасалған отадан кейін Sofie MedGroup клиникасында оңалтудан өткен. Ауруханадан шыққан бойда мүгедектікті ресімдеу үшін қандай құжаттар жинау керектігін білу мақсатында терапевтке хабарласқан.

"Ол маған бұған дейін денсаулық сақтау басқармасы мен прокуратураға дәрігерлердің әрекетсіздігіне шағымданғаным үшін мүгедектік бермеу туралы нұсқау болғанын айтты. Ал кардиолог дәрігер тіпті клиникаға хабарласып, маған үзінді көшірмені бермеуді сұраған, бірақ ол жақтағылар бұл заңбұзушылық екенін айтып, бас тартқан", - деді Игіліков.

Сондай-ақ ер адам дәрігер оның келісімінсіз Астанада берілген медициналық үзінді көшірмені суретке түсіріп, құжат жасанды болуы мүмкін деген күдікпен танысына жібергенін айтты.

Дәрігер кабинетіндегі жанжал кезінде Нұрым Игіліков айнаны сындырған. Оның айтуынша, оны келемеждеп, қорлау арқылы арандатқан.

"Олар маған осында тіркеліп алғандай үнемі келе бересің деді. Мен басшылықты шақыруды талап еттім. Соңында айнаны жұдырықпен ұрдым. Қолым қан-жоса болып тұрғанда, маған тіпті көмек те көрсетпеді", - деді ер адам.

Оқиғадан кейін қызметкерлер полиция шақырған. Игіліков учаскелік пунктте болған жайт үшін кешірім сұрағанын және сынған айнаны қалпына келтіруге келіскенін айтады. Алайда кейінірек, оның айтуынша, оның үстінен дәрігерлерге қоқан-лоқы көрсетіп, аурухананы өртеймін деп қорқытты деген айыппен арыз жазылған.

"Мұндай ештеңе болған жоқ. Мен әділдікке қол жеткізе алмасам, өзімді кесіп, өзімді өртеймін дедім. Ал олар мені есі дұрыс емес адамдай етіп көрсетті", - дейді ол.

Ер адам дәрі-дәрмекке ай сайын шамамен 75 мың теңге жұмсайтынын атап өтті. Бұл ретте оның ресми мүгедектігі жоқ, ал жұмысқа орналаса алмайды.

"Жеті балам бар. Мен мүгедектікті заңды түрде алғым келеді. Маған адамдар құжат рәсімдеу үшін 50-100 мың теңге төлейтінін айтқан. Менде ондай ақша жоқ", - деді ол.

Ер адамның асылым тілшісіне айтуынша, 26 мамыр күні кешке оны полицияға апарып, түнгі сағат 02:00-ге дейін тергеген. Оған қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 434-бабы ("Ұсақ бұзақылық") бойынша хаттама толтырылды. Оған 20 АЕК (86 500 теңге) көлемінде айыппұл салынуы немесе 15 тәулікке дейін қамауға алынуы мүмкін.

Фото: 2ГИС

Бұған дейін әлеуметтік желілерде №2 емханада болған жанжалдың видеосы тараған болатын. Кадрларда ер адамның дәрігерге балағат сөздер айтып, айқайлап жатқаны, дәліздегі қызметкерлер мен пациенттер арасында үрей байқалады, ал кабинет еденінде сынған айнаның сынықтары жатыр.

Оқиға куәгерінің айтуынша, жанжал бірнеше сағатқа созылған. Ер адам өзіне мүгедектік рәсімдеуді талап еткен, алайда дәрігер бұл мәселені өз бетінше шеше алмайтынын түсіндіріп, пациентті бейінді маманға бағыттаған.

Емхана әкімшілігі мекеме қызметкерлері мен басшылығы пациенттер мен қызметкерлердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету, сондай-ақ жағдайды тұрақтандыру үшін дереу шаралар қабылдағанын мәлімдеді.

Болған жайт бойынша материалдар құқық қорғау органдарына берілді. Қазіргі уақытта тексеру жүргізіліп жатыр, оның қорытындысы бойынша оқиғаға қатысушылардың барлығының іс-әрекетіне құқықтық баға беріледі.

№2 қалалық емхана әкімшілігі Lada.kz тілшісіне оқиғадан кейін ер адамды мүгедектікті рәсімдеуге байланысты қажетті тексеруден өту үшін қабылдауға дайын екендіктерін хабарлаған.

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
Читать полностью