Ақтау көшесінде төбелескен үш әскери қызметшілер сотталды

21.03.2026

Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратады..

Маңғыстау облысы Қарақия ауданындағы шекара басқармасының жүргізушісі, байланыс торабының жүргізуші-электригі, шаруашылық қамтамасыз ету тобының жүргізушісіне Қылмыстық кодекстің «Бұзақылық» бабы бойынша айып тағылды. Іс материалына сүйенсек, келісімшарт бойынша жұмыс істеп жүрген сотталушылар А.Мендешев, Б.Токулиев және А.Қадыр былтыр қараша айында Ақтау қаласындағы дәмханалардың біріне барады. Дәмханадан таңға жуық шыққан олар есік алдында тұрған үш жәбірленушімен сөзге келіп қалады. Сотталушы Б. Токулиев олардың бірін балағаттап, арада жалжал басталады. Төбелеске А.Мендешев пен А. Қадыр да араласып, олар қолына түскен тас, ағашпен жәбірленушілерді ұра бастайды. Жәбірленушілер жеңіл жарақат алған.

Іс Ақтөбе облыстық әскери сотында қысқартылған тәртіппен қаралды. Сотталушылар өзіне тағылған айыпты толық мойындады. Жәбірленушілер де кешірім беріп, жеңіл жаза тағайындауды сұрады.

Сот үкімімен Ә.Мендешов, Б. Токулиев және А. Қадыр Қылмыстық кодекстің 293-бабының 2-бөлігінің 1- тармағында көзделген қылмыстық құқық бұзушылықты жасағаны үшін кінәлі деп танылып, 4 жылға бас бостандығынан шектеу жазасы тағайындалды. Сонымен бірге жыл сайын 100 сағат мәжбүрлі еңбекке тартылады.

Айта кетейік, Ақтөбеде кәмелетке толмаған қызға сексуалдық зорлық көрсеткен әскери қызметші сотталды. Сот әскери қызметшіні айыпты деп танып, 15 жыл 6 айға бас бостандығынан айырды.

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
Читать полностью