Ақтау маңындағы AZAL ұшағының апаты: қаза тапқандардың отбасылары төлемдерді кім алатынына байланысты соттасып жатыр

21.05.2026

Qazaq24.com, Tengrinews.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып түсініктеме береді..

Биыл сәуірде Ресей мен Әзербайжан Ақтау маңындағы AZAL ұшағының апатынан қаза тапқандардың отбасыларына өтемақы төлеу туралы келісімге келді. Алайда қаражатты әлі бәрі бірдей ала қойған жоқ. Қазіргі уақытта кейбір отбасылар ақшаны кім алатынына қатысты соттасып жатыр. Бұл туралы премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Биыл сәуірде Ресей мен Әзербайжан Ақтау маңындағы AZAL ұшағының апатынан қаза тапқандардың отбасыларына өтемақы төлеу туралы келісімге келді. Алайда қаражатты әлі бәрі бірдей ала қойған жоқ. Қазіргі уақытта кейбір отбасылар ақшаны кім алатынына қатысты соттасып жатыр. Бұл туралы премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Мәселенің мән-жайы

15 сәуірде Ресей мен Әзербайжан 2024 жылдың желтоқсанында Ақтау маңында болған AZAL ұшағының апаты мәселесі бойынша уағдаласты. Екі елдің Сыртқы істер министрліктері тараптардың "авиациялық апаттың салдарын реттеуді келіскенін" хабарлады.

Оның ішінде қаза тапқандардың отбасыларына өтемақы төлеу туралы да келісімге келген. Сондай-ақ бірлескен мәлімдемеде апатқа Ресейдің әуе кеңістігіндегі "әуе шабуылына қарсы қорғаныс жүйесінің байқаусызда жасаған әрекеттері" себеп болғаны айтылды.

Өтемақыны бәрі бірдей алған жоқ

Үкіметте өткен брифингте журналистер вице-премьер Қанат Бозымбаевтан зардап шеккендер барлық төлемді алған-алмағанын сұрады. Оның айтуынша, қаражат әзірге туыстарының тек бір бөлігіне ғана аударылған.

Оның түсіндіруі бойынша, басты мәселе барлық отбасында бірдей қаражатты алушының әлі анықталмағандығында.

"Мен бұл жағдайды зерттедім. Мұрагерлердің, тікелей туыстардың бір бөлігі төлемдерін алып жатыр. Өкінішке қарай, кейбірі қазір соттасып жүр. Онда төлемді кім алуы керектігі анықталып жатыр. Бір отбасы бойынша қаражатты кім алуы тиіс екені әлі нақтыланбаған. Кім төлеуі керек? Бұл - сақтандыру компаниялары. Олар сот шешімдері шыққан кезде төлем жасауға дайын. Жақын арада адамдар барлық төлемді толық көлемде алады деп ойлаймын. Азаматтығына қарамастан, барлық жолаушыға өтемақы беріледі", - деді Бозымбаев.

Ол Қазақстан барлық төлемнің аударылуын қадағалап отырғанын атап өтіп, бұл мәселеде ешқандай кемсітуге жол берілмейтінін баса айтты.

Оның сөзінше, қиындықтар өтемақы алушыларды анықтаудың заңдық процедураларына байланысты туындап отыр.

Мән-жайы

2024 жылғы 25 желтоқсанда Ақтау маңында Баку – Грозный бағытындағы жолаушылар ұшағы апатқа ұшырады. Әуе апаты салдарынан 38 адам қаза тауып (оның ішінде 3 экипаж мүшесі), 29 адам түрлі дәрежедегі дене жарақатын алды.

Google News арқылы жаңалықтарымызды қадағалаңыз

Жазылу

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
Читать полностью