Inform.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып, Qazaq24.com түсініктеме жасады..
— Маңғыстау облыстық мәслихатының 2026 жылғы 10 наурыздағы бірлескен шешімі мен Маңғыстау облысы әкімдігінің 2026 жылғы 16 ақпандағы «Маңғыстау облысы Ақтау қаласының шекараларын өзгерту және белгілеу туралы» қаулысына сәйкес, Маңғыстау облысының жалпы аумағы 94 642,2062 гектар жерін Ақтау қаласының шекарасына енгізу туралы шешіммен келісілсін, — делінген Құжатта.
Осы өзгеріске дейін Ақтау қаласының аумағы 29 849 гектар болатын.
Атап айтқанда, қала шекарасына су қоры жерлері — 94 642,2062 гектар қосылды.
Қаулы 2026 жылғы 8 мамырдан бастап күшіне енеді.
Еске сала кетейік, бұған дейін 2030 жылға арналған Экономикалық ынтымақтастық ұйымының туристік астанасы ретінде Ақтау қаласы ұсынылған болатын.