Ақтау теңіз сауда порты басшысына қатысты іс сотта қарала бастады

02.12.2025

Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып жаңалық жариялады..

Ақтау қалалық сотына ұлттық компания басшысы мен қызметкерлеріне қатысты іс түсті. Абай Түрікпенбаевқа Қылмыстық кодекстің 28-бабы 5-бөлігі, 190-бабы 4-бөлігі 2-тармағы, 361-бабы 1-бөлігімен айып тағылды. Яғни «Ақтау теңіз сауда порты» ҰК» АҚ басқарма төрағасы алаяқтық және лауазымдық өкілеттілікті теріс пайдалану ісі бойынша сот алдында жауап береді.

Сот кабинетіндегі ақпаратқа сүйенсек, Ахмад Мұстафинге Қылмыстық кодекстің «Алаяқтық», «Өсiмдiктердің немесе жануарлардың сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген, сондай-ақ пайдалануға тыйым салынған түрлерінің бөліктерімен немесе дериваттарымен заңсыз айналысу» баптары, Мақсат Нүркен мен Бақытбек Бақтыбаев «Қылмыстық құқық бұзушылыққа сыбайлас қатысушылардың түрлерi», «Лауазымдық өкiлеттiктерді теріс пайдалану» баптары бойынша айып тағылып отыр.

Іс Ақтау қалалық сотына 19 қараша күні түсті. Алдын ала сот тыңдауы желтоқсанда өтті.

Еске салсақ, «Ақтау теңіз сауда порты» Ұлттық компаниясы акционерлік қоғамының басқарма төрағасы Абай Түрікпенбаев биыл мамыр айында ұсталды. Сол кезде Ұлттық қауіпсіздік Комитеті аталған тұлғаға қатысты ҚР Қылмыстық Кодекстің 361-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатқанын айтты. 

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
Читать полностью