Qazaq24.com, Tengrinews.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып жаңалық жариялады..
Ақтауда Telegram-дағы жанжалдан кейін қарсыласына жала жауып, теракт туралы жалған хабарлама ұйымдастырған ер адам сотталды. Ол тұрғын үйде 34 келі гексоген бар екенін айтып, өтем талап еткен. Істің мән-жайы Tengrinews.kz тілшісінің материалында.
Жанжал неден басталды?
2025 жылдың қыркүйегінде Telegram мессенджеріндегі "Ақтау чат" тобында екі жергілікті тұрғын танысқан. Бастапқыда жай ғана басталған сөйлесу уақыт өте келе жеке араздыққа ұласқан.
25 қазан күні сағат 11:30 шамасында осы чатқа "Доксбинович" деген лақап атпен белгісіз қолданушы кірген. Ол жанжалға қатысушылардың біріне тіл тигізіп, кейін оның ЖСН мен тұрғылықты мекенжайын көпшілікке жариялап жіберген.
Осы сәтті пайдаланған айыпталушы қарсыласын "жазалауды" ұйғарады. Ол "Доксбиновичпен" хат алмасып, оны өзінің ренжітушісінің атынан жалған теракт жасауға белсенді түрде итермелеген.
Теракт туралы жалған хабарлама және бопсалау"Оның нөміріне "Школа бомб 17" деп жаз", "Оның толық атын көрсет", "Біздің копылардың қандай екенін білесің ғой", "Бар, оны ???, мен рұқсат беремін" деген мазмұнда хабарламалар жазған. Содан кейін өзінің алдын ала ойластырылған қылмыстық жоспарын жүзеге асыру үшін, жәбірленушінің атынан дайындалып жатқан террористік акт туралы жалған хабарлама алғысы келген. Осы мақсатта, оның кеңесі, нұсқаулары мен ақпараты бойынша, "Доксбинович" бүркеншік есімі бар белгісіз тұлғаға жәбірленушінің жеке мәліметтерін беріп, қылмыс жасауға ықпал еткен, сондай-ақ қылмыскерге қылмыс іздерін жасыруға көмектесуге уәде берген", – делінген іс материалдарында.
Сол күні сағат 13:16-да "Доксбинович" есімді аноним сотталушының нұсқауларын орындаған. Ол 1414 арнайы желісінің операторына "Ислам бостандығы" виртуалды тобының атынан хабарлама жіберген. Онда Ақтау қаласының 38-шағын ауданындағы № 8 үйде 34 келілік гексоген бомбасы қойылғаны туралы айтылған.
Анықтама: Гексоген - күшті синтетикалық жарылғыш зат. Ол қарапайым тротилден әлдеқайда қуатты. Ақ ұнтақ түрінде болады, сезімталдығы жоғары болғандықтан, әдетте таза күйінде қолданылмайды.
Қылмыскер мынадай талаптар қойған:
Жарылыс қаупіне байланысты үй тұрғындарын бір сағат ішінде эвакуациялау; Қолма-қол 78 миллион теңге беру.Ер адамды аяқтан шалу үшін қаскөй оның толық деректері мен телефон нөмірін ақшаны алушы және жарылысты "ұйымдастырушы" ретінде көрсеткен. Осыдан кейін сотталушы мен оның сыбайласы осы "мина қою" туралы скриншоттарды Telegram чаттарында таратып, жәбірленушінің мәліметтерін жариялап жіберген.
Сол сәтте оқиға орнына полицияның бірнеше патрульдік көлігі барды.
Соңы не болды?Сот құжаттарындағы мәліметтерге сүйенсек, "Доксбинович" анонимі 1414 желісіне жалған ақпарат жіберіп, 38-шағын аудан полициясын тік тұрғызғанын көрген сотталушы мұнымен тоқтап қалмауды ұйғарған.
Жеке хаттарда ол хабарламаның жіберілгенін растайтын видеоны көріп, бұдан да үлкен хаос орнатқысы келген.
Екінші әрекет – мереке күні СОО-ға "мина қою". Сотталушы анонимге Ақтаудың 16-шағын ауданындағы өзі жұмыс істейтін ойын-сауық орталығына "мина қоюды" ұсынған. Ол соңғы бірнеше жылда онда ешқандай төтенше жағдай болмағанын, ал 25 қазан (Республика күні) – барынша дүрбелең мен үрей туғызу үшін тамаша күн екенін айтқан.
Сотта не анықталды?"Жеке хат алмасу барысында айыпталушы "Доксбинович" есімді адамнан жұмыстан ерте кетуді сұраған, "Ақтау" ойын-сауық орталығының ішін видеоға түсіріп, кейін видеоны жәбірленушінің атынан террористік актіге арналған делінген жасанды ресурсқа орналастырған", – делінген іс материалдарында.
Басты сот отырысында сотталушы кінәсін ішінара ғана мойындады. Оның айтуынша, ол "Ақтау" ойын-сауық орталығының ішін видеоға түсіріп, оны жәбірленушінің деректерімен бірге "Доксбинович" анониміне жұмыстан ертерек сұранып кету үшін ғана жіберген.
Ол анонимді расымен де айтақтағанын, оған "оның нөміріне рәсімде" деген секілді сөздер жазғанын және чаттағы қарсыласының жеке мәліметтерін беріп, оны "мазақтауға" рұқсат бергенін растады.
Сонымен қатар айыпталушы бірінші эпизод - тұрғын үйде 34 келі гексоген бар деген жалған хабарлама үшін жауапкершіліктен жалтаруға тырысты.
Ер адам өз әрекетін "балалық ақымақтық" деп атап, шын жүректен өкінетінін айтты. Ол соттан өзін түрмеге жаппай, бас бостандығынан айырумен байланысты емес жаза тағайындауды сұрады.
Ер адамдар не үшін ренжіскен?Сотта жәбірленуші TikTok-тағы жарнама арқылы "aktau chat" Telegram-каналына қосылғанын айтты. Чатта ер адам сотталушымен танысқан.
Төрт күн сөйлескеннен кейін олар бетпе-бет кездесіп, кейін достық қарым-қатынаста болған. Кейін жұмыста болған кезде жәбірленуші "aktau chat"-та хат жазысып, сотталушымен әзілдескен. Сөйлесу барысында ол балағат сөздер қолданған.
Көп ұзамай сөзге "Доксбинович" деген лақап атты пайдаланған белгісіз қатысушы араласып, былай деді:
"Досым, өкінішке қарай, сенің нөмірің СВАТ-та өтемақы ретінде пайдаланылады".
Жәбірленуші бұл қоқан-лоқыны байыппен қабылдамай, балағат сөзбен жауап берген. Ал іс материалдарына сүйенсек, осыдан кейін сотталушы "Доксбиновичті" заңсыз әрекеттерге итермелей бастаған.
Сотта жәбірленуші бұл жағдайды бастапқыда әзіл деп түсінгенін айтты. Сот отырысында ол сотталушыны кешіріп, соттан оған жеңіл жаза тағайындауды сұрады.
Сот шешіміСот ер адамды ҚР Қылмыстық кодексінің 28-бабы 5-бөлігі және 273-бабы ("Терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабар беруге жәрдемдесу") бойынша кінәлі деп таныды. Ол пробациялық бақылаумен 2 жылға бас бостандығын шектеу жазасына кесілді.
2025 жылдың қарашасында полиция Ақтауда Telegram арқылы қаладағы сауда-ойын-сауық орталықтарының біріне бомба қойылғаны туралы жалған хабарлама жіберген ер адамның ұсталғанын хабарлады. Автор "актогенді бомба" туралы жазып, 78 миллион теңге талап еткен. Сол кезде полиция қылмыстық іс қозғаған болатын. Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Google News арқылы жаңалықтарымызды қадағалаңыз
Жазылу