Egemen.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com жаңалық жариялайды..
Фото: Видеодан скрин
Патрульдік полиция қызметкерлерінің жедел, батыл әрі кәсіби әрекеттерінің арқасында ықтимал қайғылы оқиғаның алдын алу мүмкін болды. Бүлдіршін аман-есен құтқарылды.
Ақтауда 8 жастағы бала түзету орталығының терезесінен құлап кетті
Баланың өмірі сақтап қалуда Ақтау қаласы полиция басқармасы патрульдік полиция батальонының қызметкерлері – Ержан Көкенов пен Данияр Татиев кәсіби шеберлік пен батыл әрекет танытты.
«Полиция ата-аналарды балаларды қараусыз қалдырмауға шақырады. Әсіресе терезелері ашық бөлмелерде балалардың қауіпсіздігіне ерекше мән беру қажет. Терезелерге арнайы қорғаныс құрылғыларын орнатып, олардың маңына баланың көтерілуіне мүмкіндік беретін жиһаздарды қоймаған абзал», делінген ақпаратта.