Qazaq24.com, Tengrinews.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратады..
Ақтауда брусчатканың шөгуі салдарынан автокөлік жер астына ішінара түсіп кетті, деп хабарлайды Tengri Auto.
Қолда бар ақпарат бойынша, оқиға қаланың 15-шағын ауданында болған. Редакциямызға жолданған кадрлардан автокөліктің алдыңғы бөлігі пайда болған шұңқырға түсіп кеткенін көруге болады. Төсеме тастың астына көп мөлшерде су жиналып қалған.
Tengri Auto редакциясы қала әкімдігінен жол төсемінің шөгуіне не себеп болғаны және автокөліктің зақымдалған-зақымдалмағаны туралы ақпарат сұратты.
Тағы оқыңыз: Көліктер суға батып, жер астына түсіп жатыр: алматылықтар жаңбыр салдарын көрсетті
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу