Ақтауда ер адам досын пышақтап тастады

05.01.2026

Sputnik.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып, Qazaq24.com түсініктеме жасады..

АСТАНА, 5 қаңтар - Sputnik. Ақтауда ер адам досына пышақ жарақатын салды, деп хабарлайды Маңғыстау облыстық полиция департаменті.

Оқиға 2-ші шағын аудандағы №46 үйде болған.

"Алкогольді ішімдік ішкен екі дос жанжалдасып қалған. Салдарынан бірі екіншісінің жамбасына пышақ салған", - дейді полицияда.

Зардап шеккен ер адам емделіп жатыр. Бірақ ол өзіне пышақ салған досының үстінен арыз жазудан бас тартқан.

Алайда оқиға фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды, дейді Маңғыстау полициясы.

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
Читать полностью