Sputnik.KZ парақшасындағы деректерге сәйкес, Qazaq24.com ақпарат таратты..
АСТАНА, 25 мамыр – Sputnik. Сәуір айынан бері Қазақстанда есірткі саудасының тоғыз халықаралық және екі аймақтық бағыты жойылды, деп хабарлады Ұлттық қауіпсіздік комитеті.
Ақтау қаласының әуежайында жалпы салмағы 1 кг болатын 114 апиын капсуласын денесінде өткізуге әрекеттенген шетелдік азамат ұсталды.
© Photo : КНБ КазахстанаАсқазанында сақтаған: Ақтауда есірткі өткізбек болған шетел азамат ұсталды
Асқазанында сақтаған: Ақтауда есірткі өткізбек болған шетел азамат ұсталды
© Photo : КНБ Казахстана
Ал елорда әуежайында Оңтүстік Азия елдерінің бірінен 12 келі гашиш майын жеткізген қазақстандық ұсталды.
Бұдан бөлек, ірі көлемдегі "көкнәр сабағын" контрабандалық жолмен алып өтуге және таратуға, сондай-ақ аталған шикізаттан есірткі құралдарын өндіруге күдікті адамдардың тұрақты қылмыстық тобының құқыққа қайшы әрекетінің жолы кесілді.
© Photo : КНБ КазахстанаАсқазанында сақтаған: Ақтауда есірткі өткізбек болған шетел азамат ұсталды
Асқазанында сақтаған: Ақтауда есірткі өткізбек болған шетел азамат ұсталды
© Photo : КНБ Казахстана
Барлық тәркіленген заттар:
3,4 кг апиын;
9 кг гашиш;
11,4 кг синтетикалық есірткі;
18,5 кг гашиш майы;
26,4 кг марихуана;
110 г кокаин;
20 тонна көкнәр сабаны;
150 литрден астам прекурсор тәркіленді.
© Photo : КНБ КазахстанаКНБ провел задержания преступных групп, связанных с наркобизнесом
КНБ провел задержания преступных групп, связанных с наркобизнесом
© Photo : КНБ Казахстана
Ұлттық қауіпсіздік комитеті сәуір-мамыр айларында есірткі жеткізудің 9 халықаралық және 2 өңірлік арнасын жойды. Сондай-ақ 1 фитозертхананың қызметі залалсыздандырылды.
© Photo : КНБ КазахстанаКНБ провел задержания преступных групп, связанных с наркобизнесом
КНБ провел задержания преступных групп, связанных с наркобизнесом
© Photo : КНБ Казахстана
Аталған құқық бұзушылықтарды жасады деген күдікпен ҚР 23 азаматы және 3 шетелдік ұсталды.
Аталған фактілер бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүріп жатыр.