Ақтауда газ жарылысы болған үйдің тұрғындары әлі күнге дейін тұрмыстық газсыз отыр

20.02.2026

Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат жариялайды..

Тұрғындардың айтуынша 2025 жылғы 28 қазанда үйдің жертөлесында тұрмыстық газ жарылысы болып, пәтерлерге газ беру тоқтатылған.

Алайда, содан бері әлі күнге дейін тұрмыстық газ берілмеген. Бірақ, құрылыс салушы жерасты құбырын қазандыққа және көршілес тұрғын үй кешендеріне газ беру үшін пайдалануды жалғастырып жатыр.

— Құрылыс салушы біздің пәтерлерді газ жүйесіне қосуды әдейі бұғаттап отыр. Себебі, мүлік иелері бірлестігіне қасбеттік желілерді балансына алуды талап етуде. Осылайша компания желілерді монтаждау кезіндегі ықтимал заң бұзу мен жарылыстың салдары үшін жауапкершіліктен жалтаруға тырысып отыр, — дейді тұрғындар.

Ақтау қалалық әкімдігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, тұрғындардың осы мәселесі бойынша бүгін әкімдікте жиын жоспарланған. Нәтижесі қосымша жарияланады. 

Еске салайық, былтыр 28 қазанда 32 В шағын ауданындағы «Асия» тұрғын үй кешенінің жертөлесінде газ жарылысы болды. Салдарынан 5 адам, оның үшеуі жасөспірім зардап шекті. Осы оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалған болатын.

Ақтауда тұрғын үй жертөлесінде жарылыс болып, 5 адам зардап шекті.

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
Читать полностью