Ақтауда көршілерінің алдында әдепсіз әрекетке барған ер адам қамаққа алдынды

08.07.2026

Qazaq24.com, Zakon.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып мәлімет бөліседі..

Ақтау қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған сотында Р.-ға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 434-бабының 2-бөлігімен әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды. (Қоғамдық орындарда былапыт сөйлеу, жеке тұлғаларға зәбірлеп тиiсу және айналасындағыларға құрметпен қарамауды бiлдiретiн, қоғамдық тәртiп пен жеке тұлғалардың тыныштығын бұзатын басқа да осындай әрекеттер, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған).

Сот анықтағандай, оқиға 2026 жылдың мамыр айында болған.

"Азамат Р. Ақтау қаласы 14 шағын ауданы №32 үйдің дәлізінде жалаңаш жүріп, яғни қоғамдық орында айналасындағыларға құрметпен қарамай, қоғамдық тәртіпті және жеке тұлғалардың тыныштығын бұзып, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап қасақана ұсақ бұзақылықты жасаған",- деп мәлімдеді сот.

Құқық бұзушының кінәсі жәбірленушінің арызымен, әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамамен және оқиға орнынан түсірілген бейнежазбамен толық дәлелденді.

Осылайша, сот қаулысымен күдікті кінәлі деп танылып, оған 20 тәулік мерзімге әкімшілік қамаққа алу түріндегі жаза тағайындалды.

Сот қаулысы заңды күшіне енген жоқ.

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
Читать полностью