Ақтауда косметологиялық қызмет көрсеткен орталықтан 250 заңсыз препарат тәркіленді

23.07.2026

Egemen.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабарлайды..

Фото: istockphoto.com

Клиенттердің бірінің шағымынан кейін клиникаға тексеріс жүргізілген. Нәтижесінде мекемеде заңсыз инфузиялық процедуралар жүргізіліп, Қазақстанда тіркелмеген косметологиялық препараттар қолданылғаны анықталған.

Мамандардың мәліметінше, орталықта екі процедуралық кабинет жұмыс істеген. Оның бірі медициналық кабинет ретінде тіркелсе, екіншісі сұлулық салоны ретінде қызмет көрсеткен. Мұнда келушілерге кеңінен жарнамаланатын «жастық пен сұлулық инъекциялары» мен тамшылатып емдеу процедураларын жасаған. Алайда бұл қызмет түрлеріне мекеменің лицензиясы болмаған.

Косметикалық операциядан кейінгі өлім: Алматы мен Ақтаудағы клиникалардағы тексерістің жайы

Тексеру барысында клиникадан елімізде тіркелмеген 250-ге жуық косметологиялық препарат тәркіленді.

«Сот тіркелмеген препараттарды тәркілеу және жою туралы шешім шығарды. Заңбұзушылықтар үшін мекемеге 800 мың теңгеге жуық айыппұл салынды. Сонымен қатар медициналық ұйымның қызметі бір айға тоқтатылды», деді Маңғыстау облысы бойынша Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті департаменті басшысының орынбасары Ерлан Төлепберген.

Еске сала кетейік, бұған дейін Алматыдағы жеке клиникада липосакциядан кейін блогер әрі кәсіпкер Сәуле Ермаханова қайтыс болған еді. Көп ұзамай дәл осындай қайғылы жағдай Маңғыстау облысында тіркелді. Ақтауда облыстық мәслихат депутаты болған Ербол Айтуов клиникалық отадан соң қайтыс болды деген ақпарат тарады. Осыдан соң Денсаулық сақтау министрлігі пластикалық хирургия қызметін көрсететін клиникаларға жоспардан тыс тексеру жүргізетінін хабарлаған еді.

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
Читать полностью