Ақтауда #NauryzSale акциясы аясында жәрмеңкелер өтіп жатыр

15.03.2026

Inform.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

Жәрмеңкеде тұрғындарға қазақы сүт өнімдері — шұбат, айран, қаймақ, сондай-ақ табиғи бал, үй пісірмелері мен түрлі тәтті тағамдар ұсынылып жатыр. 

Фото: Маңғыстау облысы әкімдігі Фото: Маңғыстау облысы әкімдігі

Сонымен қатар жергілікті қолөнершілердің ұлттық нақыштағы бұйымдары, кәдесыйлар, әшекейлер және тұрмыстық қолөнер заттары көпшілік назарына қойылған.

Фото: Маңғыстау облысы әкімдігі Фото: Маңғыстау облысы әкімдігі

Шара барысында қала тұрғындары мен қонақтары отандық өнімдермен танысып, қолөнер шеберлерінің еңбегін тамашалауда. Мұндай бастамалар ұлттық дәстүрді дәріптеп, жергілікті кәсіпкерлер мен қолөнершілерді қолдауға мүмкіндік береді.

Фото: Маңғыстау облысы әкімдігі Фото: Маңғыстау облысы әкімдігі

Жәрмеңкеге келген тұрғындар ұлттық тағамдардан дәм татып, қолөнер бұйымдарын сатып алып, мерекелік атмосфераны сезініп жатыр.

Фото: Маңғыстау облысы әкімдігі Фото: Маңғыстау облысы әкімдігі Фото: Маңғыстау облысы әкімдігі
Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
Читать полностью