Sputnik.KZ парақшасындағы ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабар таратты..
АЛМАТЫ, 30 шілде – Sputnik. Ақтауда полицейлер 10-қабаттағы терезенің сыртқы жақтауына шығып кеткен баланы құтқарып қалды, деп хабарлайды Маңғыстау облысының полиция департаменті.
"102" арнасына Ақтау қаласындағы тұрғын үй кешендерінің бірінде 10-қабаттағы ашық терезенің сыртқы жақтауында тұрған баланың өміріне қауіп төніп тұрғаны туралы хабарлама түскен.
Хабарлама түскен бойда патрульдік полиция экипажы оқиға орнына жедел жетті.
Полицейлер келген кезде жағдай аса қауіпті болған. Кәмелетке толмаған бала терезеден толық шығып, ғимараттың сыртқы жақтауында тұрған.
Патрульдік полиция қызметкерлерінің жедел әрі кәсіби әрекетінің арқасында бала аман-есен құтқарылды.