Sputnik.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..
АСТАНА, 25 қаңтар-Sputnik. Ақтауда екі тұрғын полиция формасына ұқсас киім кигені үшін жауапқа тартылды. Бұл туралы LADA.KZ жазды.
Полиция әлеуметтік желілерге мониторинг жасап, жеке мектептің жанында түсірілген бейнероликті анықтаған.
Кадрларда екі жігіт полиция формасы мен арнайы атрибуттарға ұқсас киімдерді қолданғаны байқалды.
"24 қаңтарда жастарға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамалар (айырым белгілері және әскери нысандағы символикасы бар киімдерді, сондай-ақ нысанды киім мен Арнайы киім-кешектерді заңсыз кию ресімделгені аталды) толтырылды", - делінген хабарламада.
Жастардан киімдер тәркіленіп, іс сотқа жолданды.