Qazaq24.com, Sputnik.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып жаңалық жариялады..
АСТАНА, 14 мамыр – Sputnik. Ақтауда бір жарым жастағы бүлдіршінді көлік қағып кетті, деп хабарлайды Маңғыстау облысының полиция департаменті.
Қайғылы оқиға 13 мамыр күні 27-шағын ауданда болған. Полицияның қызметтік автокөлігі бүлдіршінді қағып кеткен.
"Оқиға салдарынан бала көз жұмды. Осы оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалды. Көлік жүргізушісі уақытша ұстау изоляторына қамалды, - дейді полицияда.
Қазіргі уақытта тергеу жүріп жатыр.
Баланың отбасына көңіл айтқан Маңғыстау облысы полиция департаментінің басшылығы бұл оқиғаны ерекше бақылауға алдық дейді.