Ақтауда полициядан қашпақ болған есірткі тасымалдаушылар жол апатына ұшырады

31.12.2025

Qazaq24.com, Sputnik.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратты..

АСТАНА, 30 желтоқсан – Sputnik. Ақтауда есірткі тасымалдаушылар полициядан қашпақ болды.

Пошта сәлемдемесін алған сәтте күдіктілер полицияның тоқтау туралы заңды талабына бағынбай, көлікпен қашуға әрекеттенген. Қуу барысында олар белгісіз ораманы жол жиегіне тастап, одан әрі қозғалысын жалғастырған.

Кейін көлік жол апатына ұшырап, күдіктілер жаяу қашпақ болған кезде ұсталды.

Оқиға орнын қарау кезінде героин табылды.

Күдіктілердің есірткі пайдаланғаны анықталды.

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
Читать полностью