Ақтауда қайық тасқа соғылып, екі адам көз жұмды

31.08.2026

Qazaq24.com, Sputnik.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратты..

АСТАНА, 31 тамыз – Sputnik. Ақтауда қайық жартасқа соғылып, 5 адам зардап шегіп, екі адам қаза болды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Қайғылы оқиға 30 тамыз күні кешке болған. Жеті адам мінген қайық жартасқа соқтығысқан. Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, оқиға туралы хабарлама сағат 22:56-да түскен.

"Құтқару операциясы кезінде бес адам жағаға жеткізіліп, дәрігерлерге берілді. Алдын ала ақпарат бойынша, қайықта болған тағы екі адам құтқару кеудешелерін кимеген. Жағадан шамамен 500 метр қашықтықта іздеу-құтқару жұмыстары кезінде құтқарушылар екі адамның денесін тауып, судан шығарды", - дейді департаментте.

Ауруханаға түскен бес науқастың үшеуі жансақтау бөлімінде жатыр.

"Зардап шеккен төрт науқас түрлі жарақат алған. Қазіргі уақытта олардың барлығы ауруханаға жатқызылды. 1988, 2002 және 1964 жылы туған үш науқас жалпы жансақтау бөліміне жатқызылып, тиісті ем қабылдап жатыр", - дейді Маңғыстау облысының денсаулық сақтау басқармасы.

Мамандардың айтуынша, 1985 жылы туған науқастың жағдайы тұрақты. Қазіргі уақытта травматология бөлімшесінде ем қабылдап жатыр. Ал 1996 жылы туған тағы бір науқасқа қажетті медициналық көмек көрсетілгеннен кейін амбулаторлық емге жіберілді.

Полиция қылмыстық іс қозғап, тергеу жүріп жатыр.

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
Читать полностью