Ақтауда қоғамдық қауіпсіздікті робот иттер күзетеді

31.05.2026

Egemen.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

Ақтау қаласында қоғамдық орындарды патрульдеу үшін робот-иттер пайдаланылатын болады. Бұл туралы Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Заманауи бейнебақылау жүйелерімен жабдықталған роботтандырылған кешендер қоғамдық тәртіпті бақылап, жағдайды онлайн режимде мониторингтен өткізеді және құқық бұзушылықтардың алдын алу жұмыстарына қатысады. Жиналған ақпарат нақты уақыт режимінде жедел басқару орталығына жіберіліп отырады.

Робот-иттер күмәнді заттарды анықтауға, сондай-ақ түтін мен өрт белгілерін тіркеуге қабілетті. Қауіпті жағдай анықталған кезде жүйе төтенше жағдайлар қызметтеріне автоматты түрде хабарлама жолдайды.

Болашақта бұл технологияны арнайы және терроризмге қарсы операциялар кезінде пайдалану мүмкіндігі қарастырылуда. Жаңғыртудан кейін роботтар қауіпті нысандарды қашықтан тексеріп, күмәнді заттарды тасымалдау функциясын да атқара алады.

Айта кетейік, мұндай роботтандырылған платформалар бұған дейін Астана және Алматы қалаларында енгізілген болатын.

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
Читать полностью