Ақтауда Сән Құрақ Fest 2025 фестивалі өтті

30.10.2025

Egemen.KZ парақшасындағы ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабар таратты..

Ақтауда қолөнер дәстүрін жаңғыртуға бағытталған «Сән Құрақ Fest–2025» фестивалі өтті. Көрмеге «құрақ құрау» дәстүрімен әзірленген көрпелер, киімдер мен аксессуарлар қойылды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ұлттық қолөнерді сақтап, дамыту, жас ұрпақтың дәстүрлі өнерге қызығушылығын арттыру мақсатындағы көрмеге 15 жергілікті тігінші мен қолөнер шебері қатысты.

Көрме аясында қатысушылар құрақ құраудың жаңа тәсілдерімен бөлісіп, ұлттық ою-өрнекпен көмкерілген құрақ көрпелер, төсеніштер, сөмкелер мен сәнді киім үлгілерін көпшілік назарына ұсынды.

- Фестиваль қорытындысы бойынша жеңімпаздар анықталып, аранйы сыйлықтармен, өзге қатысушылар әртүрлі номинация бойынша марапатталды. Ұлттық құндылықты насихаттау бағытындағы көрме жоғары деңгейде өтті, деді Жаңаөзен «Аналар кеңесі» кабинетінің төрайымы Тілектес Болатбаева.

Маңғыстау облысы         

 

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
Читать полностью