Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып мәлімет бөліседі..
Ақтау қаласының әкімдігі, қалалық мәслихат және Ақтау қаласының ардагерлер кеңесі Ұлы Отан соғысының ардагері Василий Салазкиннің дүниеден өтуіне байланысты оның туған-туыстары мен жақындарына қайғыра көңіл айтады.
— Василий Салазкин — ел басына күн туған қиын-қыстау кезеңде Отан қорғау жолында ерлік көрсеткен, бейбіт өмірдің орнауына өлшеусіз үлес қосқан ардақты майдангер. Оның қайсарлығы мен жанқиярлығы кейінгі ұрпақ үшін әрдайым өнеге болып қала береді. Ардагердің жарқын бейнесі мен еселі еңбегі ел жадында мәңгі сақталады. Марқұмның жатқан жері жайлы, топырағы торқа болсын. Жақындарына сабыр мен қайрат тілейміз, — делінген ведомство хабарламасында.
Осыған дейін тараздықтар соғыс ардагері Мүтәліп Ережепбаймен қоштасқанын жазған едік.