Ақтауда теңізге бата жаздаған ер адам мен әйел құтқарылды

24.06.2026

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратты..

Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, демалушылар арнайы жабдықталған жағажайда шомылғанымен, жағадан шамамен 300 метр қашықтыққа дейін алыстап кеткен.

Оқиға орнына жедел жеткен Маңғыстау облысы ТЖД жедел-құтқару жасағының қызметкерлері екі адамды судан аман алып шықты. Әйелді құтқару жұмыстарына катамаранда болған куәгерлер де көмектескен.

Зардап шеккендерге ТЖМ Апаттар медицинасы орталығының мамандары алғашқы медициналық көмек көрсетіп, кейін олар ауруханаға жеткізілді.

Қарағандыда 16 жастағы жасөспірім суға батып кетті

Ведомство азаматтарды судағы қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтауға және өз мүмкіндіктерін асыра бағаламауға шақырды.

Шомылу маусымы басталды: Су айдындарындағы қауіпсіздік деңгейі қандай?

Айта кетейік, биыл елімізде шомылу маусымы басталғалы бері 29 адам суға кетіп қаза тапқан. Олардың 16-сы балалар.

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
Читать полностью