Ақтауда тұрғын үйдегі газ жарылысына байланысты қылмыстық іс қозғалды

28.10.2025

Qazaq24.com, 24.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып жаңалық жариялады..

Оқыс оқиға сервистік орталық ғимаратының жертөлесінде болған. Жарылыс салдарынан бес адам зардап шекті. 52 жастағы ер адамның денесін күйік шалса, тағы бір әйел амбулаториялық ем алуға жолданды.  Апат орнына 15 құтқарушы мен бес техника жұмылдырылды.   Өрт сөндіріліп, себебі анықталып жатыр. Жарылыстан жертөле мен бірінші қабаттың терезелері сынып, тас қақпаның бір бөлігі қираған. Ауладағы бірнеше көлік бүлінді.

Жанар Байманова, Денсаулық сақтау басқармасының бөлім жетекшісі:    

-  Екеуі Маңғыстау облыстық көпбейінді ауруханасында, үшеуі Маңғыстау облыстық көпбейінді балалар ауруханасында, екінші пациент балалар ауруханасында. Ол пациенттің жағдайы қанағаттанарлық, жағдайы тұрақты. Қалған үш науқас амбулаториялық емдеуге жолдады.

 Асхат Омаров, ПД Тергеу басқармасының бастығы:   

- Қазіргі таңда оқиға болған жерде жедел тергеу топтары жұмыс істеп жатыр, аталған дерек Қазақстан Республикасының қылмыстық кодексінің 297 бабымен тіркеліп, қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі тада барлық қажетті тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
Читать полностью