Ақтауда ұландықтар арасында жекпе жек ұрысынан чемпионат басталды

27.04.2026

Aikyn.KZ парақшасындағы ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабар таратты..

Ақтау қаласындағы «Бесшоқы» спорт кешенінде Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы «Батыс» өңірлік қолбасшылығының әскери қызметшілері арасында жекпе-жек ұрысынан чемпионат өз жалауын көтерді, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Аталған жарысқа Ақтөбе, Атырау, Ақтау және Орал гарнизондарынан жасақталған 6 команда, 50-ге жуық спортшы қатысуда. Чемпионаттың мақсаты – әскери қызметшілердің жауынгерлік даярлығын арттыру, жекпе-жек ұрыс тәсілдерін жетілдіру және үздік спортшыларды анықтау.

Жарыстың алғашқы күнінен-ақ қатысушылар жоғары дайындық деңгейін көрсетіп, тартысты белдесулер өткізуде. Әрбір кездесу әскери тәртіп пен төзімділіктің, ептілік пен күштің нағыз сынға түскен алаңына айналды.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, ертең финалдық кездесулер өтіп, жеңімпаздар мен жүлдегерлер анықталады. Үздік шыққан спортшылар мамыр айында Петропавл қаласында өтетін Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының біріншілігінде «Батыс» өңірлік қолбасшылығының намысын қорғайтын болады.

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
Читать полностью