Ақтауда урологиялық операция жасалады

20.02.2026

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратады..

Маңғыстау облысында дәрігерлердің білімі мен білігін арттыру бағытындағы түрлі басқосу, семинар, тәжірибелік сабақ жиі ұйымдастырылады. Жақында облыстық көпбейінді ауруханасының базасында урология, онкоурология саласындағы озық әдістерді тәжірибеде қолдануға арналған шеберлік сағаты өтті.

Сағат барысында уролог дәрі­герлер урология саласын­дағы ең озық, аз инвазивті технологиялардың бірі саналатын ретроградты интраренальды хирургия (RIRS) әдісімен, жұмсақ урете­рореноскоп «MacroLux» аппараты­ның көмегімен бүйрек тастарын алу ­операциясын жасады. Әрбір операция шамамен бір сағат­қа
созылды.

Дәрігерлердің айтуынша, операция барысында қолданылған «Macro­Lux» аппараты – соңғы буын­дағы флексиблді уретерореноскоп. Оның басты артықшылығы – өте жұқа әрі икемді құрылымы. Аппарат бүй­ректің қолжетімі қиын бөліктеріне дейін еркін жетуге мүмкіндік бе­ре­ді. Сондай-ақ хирургке операция аймағын дәл бақылауға жағдай жасайды. Бұл өз кезегінде хирургиялық манипуляциялардың қауіпсіздігін арттырып, науқас ағзасына түсетін жүктемені азайтады. Нәтижесінде, операция уақыты қысқарып, асқыну қаупі төмендейді, пациенттің тез қалпына келуіне мүмкіндік туады.

Шеберлік сағатына Қарағанды медициналық университетінің қа­уым­дастырылған профессоры, медицина ғылымдарының кандидаты, Қарағанды облысының штаттан тыс бас урологі Серік Жүнісов арнайы шақырумен келіп, Маңғыстау облысының штаттан тыс бас урологі, аурухананың урология бөлімі мең­герушісі Мұрат Бекхожин, уролог дәрігерлер Арман Набитұрдыев, Ақын Құдайберген, «SofieMed», «Ясин», №2 емханасы дәрігерлерінің қатысуымен күрделі операцияларды орындау тәжірибесін бөлісті.

Семинар барысында жеті науқасқа міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі шеңберінде тегін операция жасау жоспарланған, операциялар жоғары маманданды­рыл­ған медициналық көмек талапта­рына сай жүргізіліп жатыр. Сондай-ақ аурухана базасында онкоуролог дәрігерлердің қатысуымен өтетін шеберлік сағатында урологиялық, онкологиялық ауруларды емдеудің заманауи хирургиялық тәсілдері көрсетіледі. Бұл бағыттағы опера­ция­лар дәрігерлер тәжірибесін арт­тырып қана қоймай, өңірде онко­урологиялық көмектің сапасын жаңа деңгейге көтереді.

«Мұндай шеберлік сыныптары өңірлік ауруханаларда жоғары технологиялық операцияларды енгі­зуге, мамандардың кәсіби деңге­йін көтеруге, тұрғындарға көрсетіле­тін медициналық көмектің сапасын арттыруға септігін тигізеді», дейді басқосуға қатысушы дәрігерлер.

Маңғыстау облысы 

Соңғы жаңалықтар

Дамуға бастар жол

Саясат • Бүгін, 08:48

Төрт жасында 6-сыныптың есебін шығарады

Аймақтар • Бүгін, 08:45

Құқықтық мәдениетті нығайтатын қадам

Қоғам • Бүгін, 08:43

Тіл тазалығы – ғасырға ұласқан мәселе

Тарих • Бүгін, 08:40

Сенімді күшейтуге көмектеседі

Қоғам • Бүгін, 08:38

«Балапанды» кімдер басқарды?

Басылым • Бүгін, 08:35

Бұқтырылған киік еті саудаға шықты

Өндіріс • Бүгін, 08:32

Өскелең ұрпақтың ұстаханасы

Таным • Бүгін, 08:30

Еңбек нарығы: маман көп, жұмысшы тапшы

Еңбек • Бүгін, 08:28

Бексұлтан Нұржеке, Қазақстанның Халық жазушысы: Келешекке деген үміт шырағы ешқашан да сөнбеуге тиіс

Сұхбат • Бүгін, 08:25

Ақтауда урологиялық операция жасалады

Медицина • Бүгін, 08:23

Отаншылдық ұғымын қалай түсінесің?

Жастар • Бүгін, 08:20

Қауіпті дертті сәулемен емдейді

Аймақтар • Бүгін, 08:17

Жастар жұмысы қайта жанданды

Жастар • Бүгін, 08:15

Коалиция мүшелері Алматы облысы жұртшылығымен жүздесті

Реформа • Бүгін, 08:12

Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
Читать полностью