Sputnik.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com мәлімдеме жасады..
АСТАНА, 14 ақпан – Sputnik. Ақтау қаласында 10 мың орындық заманауи стадион салынады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
© Photo : Акимат Мангистауской области Ақтауда заманауи стадион салынады - жобасы көрсетілді
Ақтауда заманауи стадион салынады - жобасы көрсетілді
© Photo : Акимат Мангистауской области
Бүгін облыс әкімі Нұрдәулет Қилыбай стадион жобасымен танысып шықты.
"Жаңа нысан UEFA талаптарына сай болады. Ол жерде негізгі футбол алаңы, спорттық-сауықтыру кешені, жаттығу және қалпына келтіру аймақтары, сондай-ақ, қосалқы және техникалық бөлмелер қарастырылған", - деп жазды Ақтау қаласының әкімдігі.
Аймақ басшысы жобаны одан әрі нақтылауға тапсырма берді. Одан кейін құрылыс жұмыстарын кезең-кезеңімен атқарылады.
© Photo : Акимат Мангистауской области Проект стадиона презентован акиму Мангистауской области
Проект стадиона презентован акиму Мангистауской области
© Photo : Акимат Мангистауской области
Айта кетері, былтыр "Каспий" футбол клубы мерзімінен бұрын Қазақстанның бірінші лигасының жеңімпазы атанды. Осылайша, Премьер-Лигаға жолдама алып, елдің ең мықты командалары қатарына қайта қосылды.
© Photo : Акимат Мангистауской области Ақтауда заманауи стадион салынады - жобасы көрсетілді
Ақтауда заманауи стадион салынады - жобасы көрсетілді
© Photo : Акимат Мангистауской области
Заманауи стадионның салынуы Маңғыстау облысының спорттық әлеуетін арттыруға және футболды одан әрі дамытуға маңызды серпін бермек.