Qazaq24.com, Sputnik.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып мәлімет бөліседі..
АСТАНА, 19 тамыз – Sputnik. Ақтауда көпфункционалды жаңа стадионның құрылысын бастауға арналған салтанатты іс-шара өтті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Маңғыстау облысы әкімдігінің мәліметінше кешеннің жалпы аумағы 17,29 гектарды құрайды. Стадион 10 мың көрерменге арналған. Футбол алаңының көлемі 105×68 метр болады және табиғи көгал төселеді. Сондай-ақ жылыту жүйесі мен жерасты дренажы қарастырылған.
© Photo : Маңғыстау облысы әкімдігіАқтауда жаңа стадионның құрылысы басталды
Ақтауда жаңа стадионның құрылысы басталды
© Photo : Маңғыстау облысы әкімдігі
Бұдан бөлек, кешен аумағында екі жаттығу алаңы салынады. Көлемі 60×40 метр болатын бірінші алаң 600 көрерменге арналған трибунамен, ал 40×20 метрлік екінші алаң 400 көрерменге арналған трибунамен жабдықталады.
"Мұнда ұлттық және халықаралық деңгейдегі футбол матчтарын өткізу жоспарлануда. Қазақстан футбол федерациясының талаптарына сәйкес стадион 5-санатқа, ал UEFA стандарттары бойынша 4-санатқа сай болады", – делінген ресми хабарламада.
Жаңа нысанда футбол академиясы да болады. Академияда 40 адамға арналған жатақхана, асхана, шағын футбол залы, жаттығу және функционалдық залдар, медициналық және қалпына келтіру блоктары, оқу кабинеттері мен конференц-зал болады.
Стадионның сәулеттік тұжырымдамасы заманауи стильде жасалады. Көрермендер трибуналары жабық болады, ал ғимараттың қасбетіне кешкі уақытта сәулеттік-декоративтік жарықтандыру орнатылады.
Айта кетері, бүгін болашақ нысанның іргетасына уақыт капсуласы салынды.